12 қараша күні Маңғыстау облыстық ауруханасына "WOW" кафесінен 19 жасар екі азамат жеткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккендердің бірі оқ жарақатын алған, екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты анықталды.
Оқиға орнына жедел уәкілдер барып, оқиғаға қатысушылардың барлығын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Факт "бұзақылық ниетпен адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тіркелген.