Экология департаменті 1 мамырда сағат 17.00 шамасында «МАЭК» ЖШС жиілігінің төмендеуіне байланысты «ҚазАзот» зауытының апатты тоқтауы орын алып, әлсіз азот қышқылының бөлінуіне әкеп соққанын хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz экология департаментіне сілтеме жасап.
Осылайша, «МАЭК» ЖШС электр станциясында апатты тоқтау орын алып, электр желілеріндегі жиіліктің күрт төмендеуіне әкелген.
Авариялық тоқтатуға байланысты «ҚазАзот» АҚ өндірісінің технологиялық режимінің бұзылуы орын алды.
Аталған факті бойынша облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысы бойынша Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті жоспардан тыс тексеру тағайындайды.
Тексеру нәтижелері кейінірек жарияланбақ.