
Бүгін Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев тұрғындар үшін арнайы су беру кестесі болмайтынын айтты. Алайда ол Экологиялық кодекс бойынша техникалық мақсатта ауыз суды пайдалануға құқығы жоқ көлік жуу орындарына бірқатар шарт қойды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Кесте ауыз суды тұтынатын көлік жуу орындарына ғана берілген. Оларға таңертеңнен түскі асқа дейінгі уақытты пайдалануын ұсындық. Егер олар белгіленген кестені сақтамаса, онда техникалық шарттарды алып тастауға дейін барамыз. Әр станция техникалық шарттарды жариялады, соған сәйкес күніне 10 текше метр суды пайдалануы керек. Содан кейін сол суды тазартып, қайта пайдалануы маңызды. Бірақ көптеген станцияда мұндай қондырғылар жоқ. Десе де ескерту жасадық – егер олар ауыз суды пайдалануды шектемесе, техникалық шарттардың күшін жоюмыз. Қаламызда 70 көлік жуу орны болса, оның 61-і жұмыс істеп тұр. Бақылау шаралары жүргізілді. Әрине, ШОБ жұмыс істеуі керек екенін түсінеміз, бірақ сіз көлік жуусыз өмір сүре аласыз. Көлікті бір-екі күн жумай жүруге болады, ал адамдар күн сайын тамақ пісіріп, шомылуы керек. Экологиялық кодекс бойынша көлік жуу орнының ауыз суды техникалық мақсатта пайдалануға құқығы жоқ. Мысалы, жаңбыр жауғанда, бір апта бойы ешкім көлік жумады. Көлік жуу орындарының ешқайсысы банкротқа ұшыраған жоқ. Біз олардың жұмыс уақытын уақытша шектеуді ғана сұрап отырмыз», — деді Ақтау қаласының әкімі.