
Ақтау қаласының әкімдігі қызмет көрсетуші мекемелерге, ПИК және МИБ-ке көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуде аса үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды, - деп хабарлай mangystaumedia.kz сайты.
Ақтауда жылу желілеріне реттеу жұмыстары жүргізілуде. Арнайы құрылған жұмыс тобы тұрғын үйлердің жертөлесіндегі жылу тораптарын тексеріп жатыр.
- Қызмет көрсетуші мекемелер, ПИК(КСК) және МИБ(ОСИ) өкілдерін жылуды реттеуге жауапкершілікпен қарап, өздері күтіп ұстайтын тұрғын үйлердің жертөлесіндегі құбырларды, пәтердегі жылуды тексеруін сұраймыз. Себебі кейбір үйдегі құбырларда жылу(перегрев) шамадан тыс көп. Сондықтан басқа көпқабатты тұрғын үйлерге немесе кей шағынаудандарға жылу жетпей тұр, - делінген қалалық әкімдік хабарламасында.