4 ш/а орналасқан Ақтау қалалық әкімдігі алдындағы алаңның неліктен қоршалғанын тұрғындарды қызықтыруда. Сауалдың жауабын анықтау үшін mangystaumedia.kz сайтының редакциясы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне жүгінді.
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, аталған алаңды абаттандыру жұмыстары жүруде.
– Жоспарға сәйкес, тұрғындардың бос уақытын өткізу үшін алаңда ағаштар мен орындықтар қойылады. Жұмыс демеуші қаражаты есебінен атқарылады. Аяқталу мерзімі әзірге белгісіз, - деп атап өтті әкімдік қызметкерлері.