Жазушы, қоғам қайраткерi, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесi Бектұр Төлеуғалиев сайлауда өз дауысын берді.
Қария 80-нен асса да, саяси науқанға бей-жай қарамайтынын айтады.
-Осы күнге дейін бірде-бір сайлаудан қалған жоқпын. Әр кез өз таңдауымды жасап келемін. Осы жолы өзгеріс өте көп. Ел ішінен суырылып шығып, сайлауға түсіп жатқан жастарымыздың да батылдығы көңіл қуантады. Олардың бұл іс-әрекеті - шын мәнінде Жаңа Қазақстанның бастамасы. Ешқандай теріс пікір айтуға қақым жоқ. Себебі осы сайлаудан көп жақсылық күтемін. Балаларымның, немерелерімнің болашағы әділетті, бай, қуатты Қазақстанмен тікелей байланысты екеніне сенемін!,- деді Бектұр Төлеуғали.