Бүгін Ақтауда он бес мың адамға арналған амфитеатрдың ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігі хабарлады.
"Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді теңіз жағалауында орналасқан ашық аспан астындағы амфитеатрдың ашылу салтанатына шақырамыз. Келіңіздер, тарихи кештің куәсі болыңыздар!" - деп жазды.
15-ші шағынаудан теңіз жағалауында орналасқан амфитеатрдың ашылуы бүгін, 9 тамыз күні сағат 21:00-де өтеді.
https://www.youtube.com/watch?v=sr8ay5WcVb4