Тоғыз жасар Элдар Құлбеков тоққа түсіп көз жұмды, - деп хабарлайды Lada.kz. Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданы, Дәулет селосында 14 сәуір күні 16:00-де болған. Ауыл балалары әдеттегідей далада ойнап жүреді.
- Электр сымы жерде жатқан. Элдар ойнап жүріп, сымды ұстайды. Сол уақытта құрылысшылар сымды өздеріне қарай тартады. 5,5-6 шақырымнан ешқандай арнайы техника көрінбеген. Сыммен бірге бала да көтеріліп, жерге құлап түседі. Дәл осы уақытта Элдармен бірге ойнаған балалар мені шақырды. Жетіп келдім, бірақ ол қайтыс боп кеткен екен, - дейді қайтыс болғанбаланың ағасы Саламат Құлбеков.
- Сенбі күні - демалыс уақыт, қауіп төнетін аймақта еш бақылау болмаған. Электр сымы жерде жатты, ал о жақтан күніне қанша адам өтеді, балалар ойнайды. Менің балам болмағанда да, басқа бала зардап шегер еді. Ұлымның өлімі үшін тиісті адамдар жауап берсін – деп налиды Элдардың анасы Анаргүл Құлбекова.
Ағайын-туыс Құлбеков Элдарды 16 сәуір күні ақтық сапарға шығарып салды. Бір аптадан кейін 23 сәуірде балапан 10 жасқа толар еді
Бұл жерлерде құрылысқа тапсырып беруші «МРЭК» кәсіпорны болса, мердігер мекеме - «Алнұр ПВ» ЖШС-ға екен. Қазір компанияға қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен.
ҚР ҚК «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» деп аталатын 277 бап бойынша абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Айгүл ДӘДЕН Суреттер Lada.kz сайтынан алынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="52059,52058"]