©
Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары және қонақтары!
Жыл сайын Ақтау қаласында өтетін көктемгі велошеру жалғасын табуда.
1 сәуір сағат 10:00-де Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, облыс әкімі Е.Тоғжановтың қатысуымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ақтау қаласында велосипед маусымының ашылуы өткізілетінін хабарлаймыз. Велошеруге қатысуға барлығыңызды шақырамыз.
Тіркелу уақыты: сағат 9:00-де.
Сөре: 35 шағын аудан, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы.
Мәре: 15 шағын аудан теңіз жағалауы, «Виктория» конақ үйі.
Келіңіздер, қатысыңыздар!
Көрнекі сурет сайт архивінен