Агроөнеркәсіп саласы бойынша, Маңғыстау өңірі өзге облыстардан артта келеді.
Бұл туралы тікелей эфирде облыс әкімі айтты.
- Бұрын Маңғыстауда 70 мыңдай халық тұрып, 1 миллион 658 мың бас ұстаған. Ал қазір 649 мың тұрғын 400 мың бас мал бағып отыр. Еш жаһандану болмаса да, ата-бабаларымыз осыншама көп малды баға білген. Демек, мал шаруашылығын дәл осы табиғи аймақта дамытуға мүмкіндік мол, - деп өз ойын білдірді Ералы Лұқпанұлы.
Басшылыққа келгелі бері облыс әкімі барлық аудандарды аралаған кезде, осы сұрақтар төңірегінде ардагер азаматтармен тілдескенін жеткізді.
- Мен ағаларымызға да қадап айттым. Мұнай – халықтың байлығы емес, байлық – біздің жеріміз, байлық – халқымыз. Бар мұнайдың түбінде таусылатыны елге белгілі. Мұнаймен шектелсек, қатты қателесеміз. Сол себепті біз заманауи еңбек нарығындағы жаңа жұмыс орындарын анықтауымыз керек. Сол жаңа жұмыс орындарының бірі – агроөнеркәсіпті дамыту, - дейді өңір басшысы.
Айгүл ДӘДЕН