2023 жылғы 19 наурызда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарының сайлауы болып өтті.
Сайлаушылардың тізімдеріне 412183 азамат енгізілді.
Дауыс беруге 222251 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 142 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 283 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 6 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс саны:
«AMANAT» партиясы - дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 76,1%;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,92%;
«Respublica» партиясы - дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,0%;
Қазақстан Халық партиясы - дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,6%;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,9%;
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы - дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,29%;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны – 3,19%.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар келесідей болып бөлінді:
«AMANAT» партиясы – 14 мандат;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 мандат;
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 1 мандат.
Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы