Көрші елдің азаматы ұрланған көлікті тапқан ақтаулық полицейлерге алғыс білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық жол полициясына сілтеме жасап.
РФ азаматы атынан Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаевқа алғыс хат жолданды. Ол Ақтау қалалық полиция қызметкерлеріне, атап айтқанда, Александр Саргсян мен Бақтияр Іңкәровке күдіктіні ұстап, қылмыстың бетін ашқаны үшін алғыс айтты.
24 қыркүйекте күдікті Орск қаласынан «Лексус 570» маркалы автокөлігін ұрлап кеткен. Жедел басқару орталығы мен патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің бірлескен және үйлесімді жұмысының нәтижесінде 26 қыркүйек күні көлік Ақтаудан табылады.
«Полиция қызметкерлерінің тез әрекет еткеніне таң қалдым, рақмет», - деді 33 жастағы ресейлік азамат.