Шара Жиенқұлова қазақ би әлемінде төңкеріс жасап, қазақ биін үлкен сахнаға алып шыққан тұлға. Ол қазақ биін драма, опера, балет және кинематографияға енгізді, ал 60-жылдардың ортасында Қазақстанда тұңғыш халық орындаушылар бөлімін ашты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтауда тұсауы кесілетін жоба Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына арналған. Жобаның барлық материалдары жинақталған мұрағаттарға негізделген, кейін олар цифрланған.
-Біз оның өмірін бояу арқылы көрсеткіміз келді. Бейне хроникаға сүйене отырып, біз киімдердің шамамен эскиздерін қалпына келтіре алдық, - дейді жобаны ұйымдастырушылар.
Жоба бағдарламасында сондай-ақ, тақырыптық жылжымалы көрменің ашылуы, мұрағат құжаттарымен және цифрлық форматта жаңартылған бірегей фотоматериалдармен танысу, жаңартылған сахналық костюмдердің көрсетілімі, суретші Юлия Кошкинаның сурет көрмесі, Ш.Жиенқұлованың сұхбаттарынан тұратын радиоконцерттің көрсетілімі болады.
Мерекелік бағдарлама 16 қыркүйек күні сағат 14.00-де «Достық үйіінде» өтеді.