Мониторинг сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы негізінде жүргізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бірінші кезекте өңірдегі сұйытылған газ бен оны бөлу, тасымалдау және делдалдарға өткізу бағасын, "ҚазГӨЗ" ЖШС өндірістік жабдығының 90% ескіруіне байланысты өндірістің тоқтап қалу қауіпін, "ММГ", "ӨМГ", "ҚМГ", "Ақтау теңіз сауда порты" АҚ-да жұмысқа орналасу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол беру бойынша "Ақтау теңіз сауда порты" АҚ-ға мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ "Құрық порты" ЖШС, квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік сатып алулардың ашықтығына мониторинг жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әрбір облыс пен республикалық маңызы бар қалаларға арнап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Бұл процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің орын алуына, заңнаманың жетілдірілмеуіне байланысты шешімін таппайтын көкейкесті мәселелердың туындауына сеп болған.
Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына медицина, жол және инфрақұрылым, жер, олигополия және экология салалары енгізілген. Қазіргі уақытта аталған салалардағы мәселелерді заңсыз жолмен шешу мүмкіндігінің алдын алу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Агенттік төрағасы Олжас Бектенов тәуекелдер картасы нақты өңірдің аумақтық органдарының жұмысы үшін бағдар болуы тиіс екенін атап өтті.