Ақтау қаласындағы жасыл желектерді суарумен айналысатын «Green city Aktau» ЖШС өз қаражатына су шашып, жолдың шаңын басаты 4 дана жаңа көлік сатып алды.
Бұл арнайы көліктердің мүмкіндігі мол. Көліктің екі жағында суаруға арналған краны мен насосы орнатылған. Көлемі 12 м3 және 16 м3. Сыйымдылығы мол көліктердің көмегімен бірнеше алқапты суаруға және тас жолдарды жууға брлады. Ал сыйымдылығы шектеулі ескі үлгідегі көліктер бір тәулікте бірнеше рет су қоймасына баруға мәжбүр еді. Енді, көп функционалды көліктердің көмегімен уақыт та үнемделіп, жұмыс жасау тиімділігі де артпақ.