Жаңаөзен қаласының Самал шағынауданында заңсыз ойын мекемесі анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
22 мамыр күні Маңғыстау облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Самал ықшамауданына жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.
МО Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, тексеру барысында мониторлар, процессорлар, теледидарлар, касса және қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.
"Аталған факті Жаңаөзен қаласы ҚІІБ-не тіркелді. Жинақталған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды", - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.