Жаңаөзендік Асқар Ескендір Бішкек қаласында өткен «Шексіз медицина» және «Қалыпты топографиялық анатомия» атты халықаралық олимпиадада топ жарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Олимпиада 19-21 мамыр аралығында клиникалық анатомия және оперативті хирургия ғылымдары бойынша өткен. Халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің жастары қатысқан.
Қазіргі таңда Асқар Ескендір М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің жалпы медицина факультетінде 3-курс оқиды.
Бұған дейіе ол Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей-Славян университеті қабырғасында өткен «Шексіз медицина» халықаралық олимпиадасынан «Үздік видеовизитка және команда презентациясы» конкурсы бойынша I орын иеленген. Одан бөлек И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз ұлттық медицина академиясы қабырғасында өткен «Қалыпты және топографиялық анатомия» халықаралық олимпиададасынан «Үздік видеовизитка және команда презентациясы» конкурсы бойынша I орынды қанжығасына байлаған.