Кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған бала рұқсатсыз Hyundai Tucson көлігін алып, қалаға айдап кеткен. Заңбұзушылықтарға тап болған, соған қарамастан полициядан қашқан. Алайда полицейлер кәмелетке толмаған тұрғынды қуып жеткен.
Полиция департаментінің мәлімдеуінше, жасөспірім - 15 жаста. Ата-анасына қатысты 612-баптың 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. (Көлік құралын құжатсыз және жүргізу құқығынсыз адамның басқаруы). 2-бөлім бойынша ата-анаға 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салынады.