«zhanaozen_online» парақшасында Жаңаөзенде түсірілген видео жарияланды. Бейнежазбада ер адамды ит қауып алғанын айтады. Зардап шеккен адам аурухананың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Куәгерлердің айтуынша, видеодағы ер адам Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Тазалық" МКК қызметкері екен. Біз Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарластық.
- Видеодағы тұрғынның шын мәнінде "Тазалық" қызметкері екені дәлелденген жоқ, - деді Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы.
Бізге бұл туралы ресми ақпарат берілген жоқ. "Тазалық" МКК басшысымен де, Жаңаөзен қалалық ауруханасының басшысымен де байланысқа шыға алмадық.