Баяндыда қоқыс полигонынан шыққан өрттің негізгі ошағы ауыздықталды. Мұнайлы және Ақтау қаласының әкімдері оқиға орнына жедел жетіп, жағдайды бақылауға алды. Бұл туралы Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев фейсбук парақшасында баяндады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"30 сәуір, сағат 1:00. Қазір жан-жақтан шығып жатқан өрттің алдын алып, айналасын топырақпен қоршалды. Мұнайлы ауданы төтенше жағдай қызметінің жеке құрамы және “Маңғыстау жылу” МКК-ның ұжымы толық жұмылдырылды. Жалпы 20 арнайы техника, сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақтау қаласының әкімі де арнайы техникаларын жұмылдырды. Жағдай толық бақылауда. Адам өміріне қауіп жоқ", - деді аудан әкімі.