Маңғыстау облысында 51 741 адам ревакцинациядан өтті. Өңір бойынша 26 емханада ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ғалия Қалиева айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Оның ішінде 6928 медицина қызметкері, 1237 мемлекеттік қызметкер, 5121 күш құрылым қызметкері, 4439 өндіріс қызметкер, 3027 вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкер, 8149 педагог, 943 сауда кәсіпорын қызметкері, 596 жүкті әйел, 1273-і жасы 50-ден асқандар мен тағы басқалары екпе алды, - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ғалия Қалиева.
Облысқа осы уақытқа дейін 699 685 доза вакцина жеткізілді (Спутник В- 1 150 095, Спутник 2 – 152 640, Спутник Лайт – 2000, Казвак – 62 860, Хаят вак – 27 000, Коронавак – 20 000, Веросел Синофарм – 129 480), Пфайзер -155 610), 452 207 дозасы егілді.
Қазір қолданыста «Синовак вероселл»; «Pfizer» вакциналары бар. I – компонентпен 231 909 (59,7%), II – компонентімен 220 298 (56,7%) адам егілді.
Облысқа 156 610 доза Пфайзер вакцинасы келді. Қазіргі таңда I кезең бойынша 16 266 дозасы егілді, 2 кезең бойынша 11 784 дозасы егілді.