Ақтауда «Hand made» қолдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесі өтуде. Шара Халықаралық әйелдер мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Шара Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өтіп жатыр. Жәрмеңкеге қатысушылар қолдан жасалған авторлық бұйымдарды ұсынған. Әшекейлер, ойыншықтар, сыйлық альбомдары, сабын және тағы басқа да бұйымдар бар.
Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, жәрмеңкеде өнім түрлері көп болғандықтан кез-келген адам өзіне ұнағанын таба алады. 5 наурыз басталған жәрмеңке бүгін 19:00-ге дейін жалғасады. Кіру тегін.