Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2021 жылдың қорытындысымен Маңғыстау облысында 719 571 адам болса, оның ішіндегі әйелдер саны- 360 842.
Облыста мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі - 55,3%
2021 жылдың қорытындысы бойынша, 1449 әйел мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Оның 370-і - басшылық лауазымда.
Биліктің атқарушы, өкілді және сот органдарында, мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі 55,3%. Мысалы, өңірдегі 67 судьяның 41-і-әйел. Әр түрлі деңгейдегі 134 депутаттың 41-і арулар. Ал квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте 291 әйел бар.