2022 жылғы 28 қаңтардағы №2 қаулы
Маңғыстау облысындағы нысандарда «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын
Жаңа қаулыға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режимін шектеу алынып тасталды.
Эпидемиологиялық тәуекел аймағына (жасыл, сары, қызыл) қарамастан, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бойынша жұмыс істейтін объектілер үшін шектеу алынып тасталды. Бұл – салтанатты, еске алу, ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар өткізу, спорт кешендерінің, сауықтыру және діни объектілердің, ойын-сауық объектілерінің (ойын клубтары, казино, түнгі клубтар және караоке), СОО, сауда желілерінің (сауда алаңы 1000 ш.м.-ден асатын азық-түлік емес және сауда алаңы 6000 ш.м.-ден асатын азық-түлік) қызметі, бассейндер.
Келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» аймақтағы (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) өңірлерде – «Ashyq» қатысушыларының қызметі шектеусіз жүзеге асырылады, ал «сары» (эпидемиологиялық тәуекелі орташа) және «қызыл» (эпидемиологиялық тәуекелі жоғары) аймақтарда – карантиндік шектеулер толтыруды арттыру жағына қарай жеңілдетіледі.
Осылайша, эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, облысаралық, облысішілік, қалалық (тұрақты және тұрақты емес) тасымалдарды жүзеге асыратын объектілер үшін, отельдер, қонақ үйлер, әуежайлар, теміржол, су және автовокзалдар, өзен және теңіз порттары, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері; ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері, банктер; сұлулық салондары, СПА-орталықтар, жабық базарлар, асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары үшін бейтарап «көк» мәртебе болған жағдайда шектеусіз кіру сақталады.
Сауналардың, моншалардың, сауда алаңы 1000 ш.м. дейінгі сауда желілерінің (азық-түлік емес) қызметіне шектеулер алынып тасталды, оларға эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, барлық өңірлерде бейтарап «көк» мәртебе бойынша кіруге болады.
Оқыту:
- мектепке дейінгі ұйымдарда – («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта;
- жалпы білім беру мектептерінде («қызыл» аймақ):
- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) – штаттық форматта;
- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда – штаттық форматта;
- 600 оқушыдан жоғары – мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта;
- мектептен тыс ұйымдарда («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) – штаттық форматта;
- жоғары оқу орындарында және колледждерде («қызыл» аймақ) аралас форматта – практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн.
Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі.