Кез-келген жанның басы ауырып, балтыры сыздаса жүгінетіні «жедел жәрдем» қызметі. Шақырту түсе салысымен мамандар көмекті қажет ететін мекен-жайдан табылуға асығады. Тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін Маңғыстау облысының жедел-жәрдем қызметінде 14 подстанция бар. Әр ауысым сайын 1 аға дәрігер, 2 эвакуатор және 7 пульт диспетчер мен 53 бригада байланыста отырады.
- Облыс бойынша жедел-жәрдем қызметінде 14 подстанция бар. Тәулігіне 53 бригада байланысқа шығады. Атап айтсақ, Ақтау қаласында 15, Жаңаөзенде 11, Мұнайлы ауданында 11, Бейнеуде 6, Жетібай ауылында 2, Ақшұқырда 3, Шетпе, Форт-Шевченко, Құрық, Боранқұлда 1 бригададан бар. 103 қызметкерлері талапқа сәйкес 1,2,3 санат бойынша көмек көрсетеді. Біздің ұжымның жауапкершілік сезімі барлығынан жоғары тұрады. Әрқайсы үлкен жүйенің ажырамас бір бөлігі тәрізді жедел әрі бірігіп жұмыс істейді. Себебі біздің құтқаруға асығатынымыз ең құнды байлық – адам өмірі - , деді Маңғыстау облысы жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаев.
Бүгінгі күні шамамен 103-пультіне 900-ге жуық шақырту түседі. Елді жайлаған короновирус инфекциясына байланысты шақырту саны 1200 ге дейін өсіп отыр. Бригадалар дефибриллятор, портативті оттегі, зембіл секілді қажетті жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Әр фельдшердің қорабында қажетті дәрі-дәрмектер бар, олар үнемі жаңартылып отырады.