«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жиында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының Әкімшілік мамандармен қамту бөлімінің басшысы Телегенова Айгүл баяндама жасады.
«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау саласы бойынша тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бойынша 2021 жылы облыс бойынша жоспар барлығы – 172 орын (86 тұрақты орын, 86 уақытша орын) ашылу жоспарланған болатын. Биыл 11 ай қорытындысымен барлығы 296 орын ашылды. Тұрақты – 192 орын, уақытша 104 орын», - деді ол.
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шыңғыс Дүйсенов сайлауалды бағдарламада көрсетілген білім, денсаулық саласы бойынша мамандарды жұмысқа қабылдау, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін екі оңалту орталығын ашу, «Жасыл ел» жобаларының орындалысы туралы баяндады.
Кеңес мүшелері баяндамашыларға өз ұсыныс, пікірлерін айтты.
Кеңесте дәрігерлерді жұмысқа тарту жұмысын жандандырып, маман тапшылығын жою, оларды үймен қамту туралы айтылып, денсаулық сақтау басқармасына әкімнің грантымен бітірген, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген мамандар туралы ақпарат беруді тапсырылды.