Мұнайлы ауданына жоспар бойынша 4 мың тонна шөп жеткізілуі тиіс болған. Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Айсағали Нұғмановтың айтуынша, 5 500 тонна шөп 36 вагонмен және автокөліктермен тасымалданған. Мұнайлыдағы шаруалар үшін 2650 тонна жем қажеттілігі болса, 2 900 тонна жем жеткізілген. Бұл жемді Ақмола, Қостанай облыстарынан 48 вагон жем тасымалданып, қалғанын аудандағы «Сауқымбек» ұн цехы өндірген.
Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұйымдастыруымен, вице-министр Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен 5 облыстан Маңғыстау мал азығын жеткізу туралы меморандум жасалды. Яғни, мал азығы Ақмола, СҚО, Қостанай, БҚО, Ақтөбе облысынан тасымалданады. Ақмола облысының 17 ауданы, Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданы Маңғыстауға қажетті жем қорын дайындады. 5 ауданға операторлар бөлініп, тағайындалды, - деді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Айсағали Нұғманов.
Айсағали Нұғмановтың сөзінше, Мұнайлы ауданында мал азығын тасымалдау бойынша 10 оператор жұмыс істеп жатыр.