Бүгін, 10 қараша күні, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов өз еркімен қызметінен босатылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Нұрлыбай Аққұлов денсаулығына байланысты жұмыстан кетуге шешім қабылдаған.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев оның атқарған еңбегіне алғыс білдіріп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.