Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтауда жырлары мен өлеңдері халық арасына кеңінен таралған, суырып салма ақын Қашаған Күржіманұлы ескерткішіне кәсіпкерлердің қолдауымен абаттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында дүниеге келген. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тарап, бірқатар шығармалары алғаш 1935 жылы «Әдебиет майданы» журналында жарық көрді.
Еліміз егемендік алғаннан кейін 1991 жылы арқалы ақынның 150 жылдық мерейтойы республика деңгейінде аталып өтті. Бүгінде Қашаған ақынның есімі әлемге танымал. Өйткені ақынның атымен аталатын Қашаған кен орны мұнай-газ көлемі мен қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың санатында.
Өз кезеңінің белді, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын 1929 жылы Маңғыстау түбегінде дүниеден өтті.
Биыл Қашаған Күржіманұлының туғанына 180 жыл толып отыр.