Құрық ауылының тұрғыны Гауhap Жаңғазы 17-23 тамыз аралығында Алматы қаласында өткен қол күресінен Азия чемпионатында ІІ орын иеленді. Бұл туралы Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараев хабарлады.
Оның айтуынша, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Моңғолия елдері арасында өткен қол күрестен Азия чемпионатына Маңғыстау облысынан 4 спортшы қатысқан.
"Маңғыстаулық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Олар алдағы уақытта Грузияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Гауhaр 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 8 спортшының арасынан ІІ орынға ие болды. Бұл - үлкен жетістік. Осы орайда оның жаттықтырушылары Мұстафа Нарымбаев пен Нұрдәулет Ерсайыновтың еңбегін атап өту керек. Ауданда ел намысын қорғайтын мықты спортшылар өсіп келе жатқандығы қуантады", - деді Дүйсенбай Атағараев.