30 шілде мен 1 тамыз аралығында Болгария астанасы Софияда ММА бойынша жастар арасында әлем біріншілігі өтті.
Жарысқа 23 елден 300-дей спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 29 өреніміз ел намысын қорғады. 70,3 кг финалында Арухат Иброва БҚО өкілі Раяна Ақдавлетовадан жеңілді. Ал екінші орынға талас кезінде украин қызын жеңіп, жеңімпаз атанды.
Арухат Иброва Маңғыстау облысы Кудо федерациясының бетке ұстар спортшысы. Төрт жылдан бері осы спорт түрімен айналысады. Жарысқа Оңғар Бекмағамбетов пен Арман Сұлтанбаев дайындады.
Айбек МҰХАНОВ