БҚО және Маңғыстау облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің 24 шілдедегі карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының барлық ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді. Бас санитар дәрігердің осындай қаулысы 24 шілдеде Батыс Қазақстан облысында шықты.
БҚО мен Маңғыстау облысында жұмыс кестесі сағат 9-дан бастап 18-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері аталған облыстардағы ХҚО-лар жұмыс істемейді. Клиенттерді тек алдын-ала брондау арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді.
ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады. Барлық клиенттерден санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, ХҚО барған кезде бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз.