Бүгін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, Маңғыстау облысындағы 6 ауыл мен 4 ауылдық округте әкімдерді сайлау басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Соның ішінде:
Бейнеу ауданында Сарга, Есет, Төлеп ауылдарында және Сам ауылдық округінде;
Қарақиян ауданында Құланды ауылдық округінде;
Маңғыстау ауданында Жармыш, Қызан ауылдарында және Онды мен Тұщықұдық ауылдық округтерінде;
Түпқараған ауданында Ақшұқыр ауылында.
Сайлауға барлығы 10 сайлау округі қатысады, оларда 14 сайлау учаскелері және 14144 сайлаушылар бар. 10 округ бойынша 25 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді (5 округте 2 кандидаттан, 5 округте - 3 кандидаттан).
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 25 шілдеде жергілікті уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 6 ауылдарда, 4 ауылдық округтерде 14 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.