МӘМС қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 25 медициналық ұйыммен шарт жасасты.Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде МӘМС қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары Жанетта Керімбаева айтты.
Оның айтуынша, 25 мекеменің 13-і жеке медициналық ұйым.
«2021 жылға арналған алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде медициналық көмек көрсетуге арналған бюджет 15,6 млрд теңгені құрады. Емханалар деңгейінде консультациялық-диагностикалық көмек көлемі ұлғайды. Консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге арналған бюджет 2020 жылмен салыстырғанда биыл 92,5% - ға өсті. Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 жартыжылдығында көрсетілген қызметтер 1 809 598 теңгені құрады. 2020 жылмен салыстырғанда қызмет саны 9,2 пайызға өскен. Оның ішінде ауыл тұрғындарына 48,9 млн. теңгеге 26 094 мыңға жуық қызмет көрсетілді. 2021 жылдың 1 жартыжылдығында КТ және МРТ қызметінің саны 21,5% - ға өсті», - деді Жанетта Керімбаева.
Айта кетейік, өңірде 2021 жылдың 6 айында МӘМС аясында 22 132 адам емделді. Биыл халыққа медициналық көмек көрсетуге 54,4 млрд.теңге қарастырылған. Оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі 33,4 млрд. теңгені құраса, МӘМС үшін 21,0 млрд. теңге бөлінді.