Ақтауда карантин талаптарына бағынбай той жасаған мейрамханалар анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мейрамханаларда жиын (той, садақа, ас) беруге тыйым салынған. Алайда қала әкімдігінің кезекті мониторинг жұмыстары барысында ескертуді елемеген тойханалар анықталды.
Олар Шығыс-2 ш/а «Ақ босаға» және «Алтын ғасыр», 31 ш/а «Aktau Palace» мейрамханалары, «555» бильярд клубы. Нысан иелеріне эпидемияға қарсы нормаларды бұзу туралы актілер толтырылды.
Өңірде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт санап өсуде. Осыған орай қала тұрғындарынан эпидемияға қарсы талаптарды бұзбауға шақырамыз, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің таратқан ақпаратында.