Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін сағат 22:19-да "ҚазГӨЗ" ЖШС-ның сыртқы жылу ауыстырғыш аумағының К-900 компрессор цехының өртенгендігі туралы Жаңаөзен қалалық төтенше жағдайлар бөліміне хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің 11 өрт сөндіргіш көлігі жұмылдырылып, сағат 23:17-де өрт толықтай сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрттің жану аумағы 980 ш.м.
Оқиға орнына қала әкімі М.Ибағаров, қала әкімінің орынбасары Ғ.Байжанов және қала әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспектор М.Қойланов барды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.
Зауыт 1 сағаттан соң жұмысын жалғастырады.