Жақында Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым Дүниежүзілік таңғы ас күні қаланың түрік дәмханасында түркиялық азаматтар мен қазақстандық қонақтар түрік дастарханында қонақ қылды.
Ван таңғы асы Гиннесс рекордтар кітабына енген, таңғы аста ірімшік, бал мен қаймақтың және зәйтүннің көптеген түрлері бар. Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан, 313 мың халық тұратын Ван қаласы ең бай таңғы асымен өте танымал.
Ван қаласының мэрі таңғы асты ЮНЕСКО құндылықтар тізіміне енгізу жұмыстарын бастап кетті. Түркияда әйгілі зәйтүндер, бал мен тосаптардың түр-түрін әр түрік жанұясында көруге болады. Түрік халқында және мәдениетінде таңғы асқа өте жақсы мән беріліп, таңғы аста дәмі тіл үйірер түрлі тағамдар көп.
Дастарханда түріктің түрлі асы мен дәмі дайындалған күнде Бас консул түрік және қазақ халықтарының бауырластығы мен достығын атай отырып, осындай жақсы дастархан басында екі ел мен халықтарына өзінің ілтипаты мен ізгі тілектерін жолдады.