Тұрғындар өзі тұратын ауданға қарамастан, облыстағы 18 егу кабинетінің кез келгенін таңдай алады. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Вакцинация дәрігердің алдын ала медициналық тексеруінен кейін ғана жүргізіледі. Процедура тегін жүргізіледі.
11 сәуірдегі жағдайға сәйкес, вакцинаның І компонентімен 120 адам егілді. Атап айтқанда, "Нейрон" медициналық клиникасында - 20, ҚХА ғимаратында 20, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында 5, Түпқараған орталық аудандық ауруханасында 10, №1 Ақтау қалалық емханасында 45, №2 Ақтау қалалық емханасында 15, Жетібай ауылдық ауруханасында - 5. Вакцинаның ІІ компонентімен 10 адам егілді. "Нейрон" медициналық клиникасында - 5, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында – 5.
Облыс бойынша вакцинация басталғалы І компонентпен егілгендердің жалпы саны 6 998 адамды құрады. Вакциналардың қалдығы 2 615 дозаны құрайды. ІІ компонентпен 1 087 егілді, вакциналардың қалғаны 8210 доза.
Бүін өңірде 18 егу пункті мен 4 жылжымалы егу пункті жұмыс істеп тұр.