Екінші семестрден бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттері аралас оқуға көшеді. Енді оқытудың 70%-ы дәстүрлі, 30%-ы қашықтан оқыту форматында өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыста 1 курс студентінің саны 5 757 болса, оның 3 512 студенті дәстүрлі форматта білім алады. Яғни дәстүрлі форматта білім беру ата-аналардың өтінішіне сәйкес орындалып отыр.
«1 курс студенттері үшін оқу процесі аралас оқыту форматы бойынша өтеді. Яғни дәрістер мен семинарлар – онлайн, ал зертханалық және практикалық сабақтар санитарлық режимді сақтай отырып күндізгі форматта ұйымдастырылады. Сабақ ұзақтығы – 45 минут. Сыйымдылығы 50%-дан аспайтын аудиторияларда өткізіледі», - дейді Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Мамаева.