Маңғыстауда 4 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 49 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты облыстың коммуникация орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 49 науқастың ішінде 7-нда коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 36, жағдайы ауыр халде 11 науқас, өте ауыр хәлде 2 науқас бар.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 12 пайызды құрайды.
Облыс көлемінде 412 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.