Маңғыстауда 26 қарашадағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 58 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 58 науқастың ішінде 7-де коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 49, жағдайы ауыр халде 7 науқас, өте ауыр хәлде 2 науқас бар.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 15 пайызды құрайды.
Облыс көлемінде 397 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.