Осыдан 2 ай бұрын толассыз жауған жауын-шашын салдарынан 19 шағынаудандағы “Тыныштық” ТҮКШ шатырынан су кеткен. Тұрғындарды әуреге салған оқиға тұрғын үйдің суағар құбырына қоқыс жиналып қалу салдарынан болғаны анықталған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нәтижесінде, құрылысқа жауапты мекеме тұрғын үй мен пәтерлердің шығынын есептеп, өтеп беруге сөз берген. Қалалық әкімдік аталған мәселені жіті бақылауында ұстады. Мекеме аталған уәдені орындап, жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік,тамыздың басындағы жауын-шашын салдарынан "Тыныштық" тұрғын үйінің подъезін су басып, тіпті кей үйлердің ішіне дейін су кірген болатын.