Қаланың орталық көшелерінде заманауи үлгідегі аялдамаларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігінiң баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтсақ, 7 шағынаудан «Мәңгілік алау» және 11 шағынаудан «Жасдәурен» аялдамалары. Қазан айының соңына дейін қалада тағы екі, 11 шағынаудан 38 үйдің алды мен 27 шағынаудан 71 үйдің артына аялдамалар орнатылмақ, делінген хабарламада.
Жаңа аялдамаларда жарнамаға арналған стенд, қоқыс контейнерлері мен орындықтардың болуы қарастырылған.