«Zhamal-ai LTD» ЖШС Маңғыстау облысындағы жетекші өндірушілердің бірі. Кәсіпорын мұнай, құрылыс компаниялары мен күш құрылымдары үшін арнайы аяқ киім, киім мен мектеп формасын шығаруға мамандандырылған.
Зауыттың ашылғанына 27 жылдан астам уақыт болған. Осы аралықта отандық нарықта өнім қалыптастырды, бірнеше рет республикалық, облыстық және қалалық көрмелердің жеңімпазы және жүлдегері атанды.
Компанияда 160 адам еңбек етеді. Мектеп бітіргеннен кейін бірден осында жұмыс істеуге келген жастар оқудан өтіп, жұмыс біліктілігін алады. Кәсіпорын цехтары заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған және арнайы киім мен аяқ киім дайындау үшін қажетті шикізатпен толық қамтамасыз етілген. Кәсіпорын өнімі мұнай-газ, құрылыс және басқа да өнеркәсіп салалары мамандары, әскери қызметкерлер мен оқушылар арасында да жоғары сұранысқа ие.