Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жаңа айдар эфирге шыға бастады. «Адал TIME» - желі қолданушыларының адалдық, парасаттылық, ізгілік тақырыптарында өз ойын ортаға салып, көзқарасын білдіретін еркін пікір алаңы.
Әр дүйсенбі күні кешкі уақытта эфирге шығатын айдар тікелей эфирде өтеді. Қоғамда адалдық пен әділдік идеясын насихаттайтын айдарды департамент мамандары жүргізеді. Одан бөлек, желі қолданушылары технологияның көмегімен үйінде отырып, тікелей бейне байланысқа шығып, «Antikor» алаңында жұртшылыққа пікірін жеткізе алады.
Бүгінгі күнге дейін екі шығарылымы эфирден өткен рубрикаға қатысуға ниеттілер көп. Айта кетейік, Агенттіктің «Әділдік», «Парасаттылық», «Сенім» құндылықтарын алдыңғы орынға шығарған айдар әр дүйсенбі сағат 17:00-де департаменттің ресми парақшаларында өтеді.