«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ың (бұдан әрі - Қор) халықпен жұмыс, ақпараттындыру барысында жүзеге асырып жатқан жобалары тұрғындар көңілінен шығуда.
Соның бірі – Qoldau-24/7 мобильдік қосымшасы. Бұл қосымшаны телефонға жүктеп алу арқылы, МӘМС жүйесіне қатысты ақпаратты алуға және медициналық ұйымдардағы көрсетілетін қызметтің сапасына арыз-шағымдарын қалдыруға болады. Сонымен бірге Qoldau-24/7 мобильдік қосымша азаматтардың жазған өтініштерін жан-жақты қарап, нақты шешім қабылдау арқылы кері байланысты дамытуға мүмкіндік береді.
Qoldau-24/7 әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мобильді қосымшасын Android смартфондарына арналған Play market және Apple смартфондарына арналған App store арқылы телефонға жүктеп алуға болады.
Елімізде қалыптасып отырған карантиндік режимде, бұл қосымша, халықпен жұмыс жасау бағытындағы ең тиімді тәсіл болып отыр.