Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты МО денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фотоаймақ жаңа туған нәрестелерді шығарып алу рәсімінде естелік фотоға түсу үшін жасалған. Бұл мүмкіндікті Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы Маңғыстау облыстық филиалының мүшелері берген.
Бүгін, фотоаймақтың ашылуына орай әрі балаларды қорғау күні аясында перзентханадан шыққан 20 сәбиге сыйлық берілді. Өңірлік іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Сәуле Жұмаханованың айтуынша, фотоаймақтың қажеттілігі туралы бастама оның ойына осыдан үш ай бұрын келген.
Мені қауымдастық бойынша әріптестерім қолдады. Сонымен бірге, біз 1 маусымда алғашқы шығару рәсіміне қатысуымыз керек деп шештік. Жаңа туған нәрестелерге сыйлықтар – балалар киімдері, памперстер және басқа да қажеттіліктерді сатып алдық. Фото-аймақтың ашылуын және мерекені өткізуге қолдау білдіргендер қатарында "Пристань" көркем студиясы, "Скрин-Медиа" баспаханасы, "Чупа-Чупс" компаниясын атап өтуге болады. Менің ойымша, біз жақсы іс-шара ұйымдастырдық, - деді Сәуле Жұмаханова.
Сәуле Жұмаханованың айтуынша, қауымдастық осындай қайырымдылық акцияларын өткізіп тұрады.
Ақтау қалалық перинаталдық орталығында біз осындай іс-шараны алғаш рет өткізуіміз, бұл соңы емес және тағы да келіп тұрамыз деген ойдамын.Кез-келген сәбидің өмірі осындай перинаталдық орталықтан басталады. Қазір карантин кезіндегі қиындықтарға қарамастан медицина қызметкерлеріне оңай болып тұрған жоқ, бірақ соған қарамастан ақ халатты абзал жандар аянып жатқан жоқ, сол үшін оларға алғыс білдіреміз. Өмірге келген әрбір сәби бақытты болсын деп тілейміз, – деді қауымдастық төрайымы Ирина Беляева.
Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Аббат Өрісбаев та өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді. Ал Ақтау қалалық перинаталдық орталығының директоры Ғалия Махимова акцияны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, перзентханада аналардың және балалардың дендері сау болсын деп ағынан жарылды.
Жыл сайын Ақтау қалалық перинаталдық орталығында 6 000-нан астам бала дүниеге келеді. Соңғы төрт айда орталықта 2 800 бала дүние есігін ашса, күн сайын 20-ға жуық сәби өмірге келеді. Ал бүгінгі мереке күні орталықта 12 бала өмірге келіпті, оның жетеуі ұл, бесеуі қыз бала.