Өңірдің экономикасын өркендетуге серпіліс беретін стратегиясы жасақталды.Олар: Өңдеу өнеркәсібін дамыту, Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуеті, Туризм саласындағы мүмкіндіктер, Көлік және логистика саласын дамыту.Аймақ басшысы Серікбай Трұмов өңірлік жобаның әр тармағына жеке-жеке тоқталып, мәслихат алдында таныстырды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші: Биылғы жылы өңдеу өнеркәсібінде жаңа 7 жобаны іске қосуа арқылы жалпы инвестиция 11,3 млрд. теңге жоспарланып отыр. Бұл тамақ өнімдері, машина құрастыру, пластмасса өндірісі салалары.
Бұдан басқа қолданыстағы қызмет етіп тұрған кәсіпорындардың қуаттылық жүктмесін арттыру және жаңа өндірістерін ашу бағытындағы жұмыстаржүргізіледі. Негізгі мақсат өңірдегі 300-ден астам кәсіпорындармен бірлескен жұмысты жандандыру.
Ол үшін Үкімет тарапынан да бірқатар қолдау тетіктері қаралған.
Нәтижесінде биыл жалпы өңірлік өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесін 4,5%-ға шикізаттық емес тауарлар экспортын 90 млн. долларға дейін жеткізуді көзделіп отыр.
Екінші. Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттыру.
Облысқа азық-түлік өнімдерінің көп бөлігі өзге өңірлерден және шет мемлекеттерден келетін болғандықтан агроөнеркәсіп саласында 3 негізгі бағыт қарастырылған. Жаңа жобаларды құру,егіс алқаптарын ұлғайту;істеп тұрған субъектілеріне қолдау көрсету.
Мал шаруашылығын дамыту аясында жайылымдарды сумен қамту үшін 60-қа жуық қазылған құдықтарға субсидия берілетін болады.
«Еңбек» бағдарламасы аясында 300-ден астам жобаға шағын несие беру жоспарлануда және «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша кемінде 35 жобаға қолдау көрсетіледі.
Бұған қоса, «Агробизнес 2020» және өңірлік «Нұр Капитал» бағдарламалары аясында тиімді механизмдер жасақталды.
Өңір халқын жергілікті көкөніс өнімімен қамтамасыз ету көлемін арттыру үшін – жылыжай алаңын 27,4 гектардан 34,4гектарға жеткізіп, биыл 72 жылыжайға жеткізіп, суармалы жерлерді де арттыру жоспарланған.
Мемлекет басшысының «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасы аясыда, сатып алу және сату жүйесін қалпына келтіру механизмі қарастырылды. Бұл жобалар іске асқан жағдайда агроөнеркәсіп кешені саласында 2020 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 24 млрд. теңгеге дейін жетіп, қосымша 700-ден астам жұмыс орнын құрылады деп жоспарланып отыр.
Үшінші. Туризм саласын дамыту. Осы жылы бұл сала бойынша665 жұмыс орнын құрылып, жалпы құны 64 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба пайдалануға беріледі. Олар:
1. «Риксос Актау» көпфункционалды туристік-қонақ үй кешені;
2. «Достар» қонақ үй кешенінің аквапаркі;
3. «Холидей ИНН» қонақ үй кешенінің аквапаркі.
ТӨРТІНШІ. Көлік және логистика саласын дамыту.
Каспий бассейніндегі қазақстандық порттарының жүк айналымындағы Ақтау портының үлесі – 60%,Құрық Порты – 23%,Солтүстік терминал – 17% құрайды.
Бүгінгі таңда Ақтау порты контейнерлік хабты құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл Каспий өңірі мен Орта Азия елдері үшін порт аумағында контейнерлік парк қалыптастыруға, өз жүгін портқа дейін автокөлікпен де, теміржол жылжымалы құрамы, контейнерлермен де жеткізу және одан әрі жөнелту үшін клиенттерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.Бұл шаралардың жүзеге асырылуытеңіз порттарында жүк ағынының ұлғаюына тың серпін береді. Сондай-ақ, осы жылы 217,4 шақырымды құрайтын7 автомобиль жолдарының реконструкциясы мен жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
«Ауыл – ел бесігі»жобасы аясында биыл Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық ауылдарында 44,4 шақырым (млрд. теңге)жол салынады және 52,2 шақырым жол орташа жөндеуден өткізіледі.
Сонымен бірге «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жаңа автомобиль жолдарын салу және қолданыстағыларын жөндеу бойынша 3 облыстық, 7 қалаішілік және 20 ауылішілік маңызы бар жолдар жасалады.
Жоғарыда аталған төрт бағыт жүйелі түрде жүргізілетін болса, өңірде екі мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады.