Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тас жолында болған жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмып, екі адам медициналық көмекке жүгінді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өкінішке қарай, 1977 жылы туған ер адам есін жимастан оқиға орнында көз жұмған. 2002 жылы туған қыз баланың және 2001 жылы туған жас жігіттің бас сүйек-миына зақым келген, оларға мидың шайқалуы және бел омыртқаның сынуы деген диагноз қойылды.
Жарақат алған екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Науқастар жағдайлары жақсарған соң үйлеріне жіберіледі.