Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан кезде жүргізуші жұбайын перзентханаға апара жатқанын анықтаған.
12 сәуір күні таңертең сағат 04:00 шамасында Ақтау полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының экипажы лейтенант Ерасыл Сұлтановтың және кіші лейтенант Қуаныш Мансызбаев Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан.
Жүргізуші тәртіп сақшыларына оның әйелі босанғалы жатқандықтан перзентханаға асыққанын айтқан. Ол жұбайын перзентханаға дер кезінде жеткізе алмайтынына қауіптеніп полицейлерден көмек сұраған.
Жүкті әйел отырған көлікті полиция қызметкерлері жарқырауық маягы мен дыбыстық сиренасын қосып перзентханаға жеткізген.
- Әйелдің жағдайы жақсы. Ол ұл босанды, - деді ведомствода.